Алматы облысында құс фабрикасы өртеніп, 1 адам көз жұмды

Облыстық ТЖД мәліметінше, 28 шілде күні М.Түймебаев ауылында құс етінен тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорынның асханасынан өрт шыққан, деп хабарлайды POLITICO.KZ inbusiness.kzсайтына сілтеп.
«Алғашқы бөлімшелер келген сәтте өрттің үлкен аумақты шарпығаны анықталды. Барлау барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің бөлімшесі ер адамның мәйітін тапты. Ашық жалынды өшіруге 42 маман мен 14 техника жұмылдырылды. 450 шаршы метр аумақта өрт толығымен сөндірілді. Жақын маңдағы нысандарға оттың таралуына жол берілмеді», – делінген ресми хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша ҚК 292-бабы 2-бөлігі («Абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Соңғы жаңалықтар





