Алматы облысында қызметтік көлікпен жолға шыққан құтқарушы қаза тапты: туыстары басшылықты кінәлап отыр

18.12.2025 19:27 Арман Ермеков Арман Ермеков
Алматы облысында қызметтік көлікпен жолға шыққан құтқарушы қаза тапты: туыстары басшылықты кінәлап отыр
0
865
Фото: t.me/halyqstan

Қызметтік көлікпен жолға шыққан құтқарушы апатқа ұшырап көз жұмды, деп хабарлайды HALYQSTAN telegram арнасы.

Алматы облысында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері басқарған көлік аударылып жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Марқұмның туыстары қайғылы жағдайға техниканың тозығы жеткені себеп болды деп айтуда.

Жол-көлік оқиғасы 12 желтоқсан күні Алматы-Қапшағай-Бақанас тас жолында болған. УАЗ маркалы қызметтік көлікте екі құтқарушы болған. Жолдың тайғақ болуы салдарынан автокөлік басқаруға көнбей аударылып қалған. Апат болған аумақта ұялы байланыс желісі ұстамағандықтан тірі қалған жолаушы жолға жаяу шығып көмек шақырған. Алайда жеткен дәрігерлер жүргізушінің жан тәсілім еткенін растады.

Қаза тапқан азаматтың есімі Фархад Аманбаев. Оның жақындары апатқа ұшыраған көліктің қызметке жарамсыз екенін және оны есептен шығарылған жедел жәрдем машинасының бөлшектерімен құрастырғанын алға тартты. Олар ұлының қолдан жөнделген ескі техникамен полигонға жіберілгеніне ведомство басшылығын кінәлап отыр.

Дәлел ретінде марқұмның туыстары бірнеше бейнежазба ұсынды. Оның бірінде Фархад Аманбаев апаттан бір сағат бұрын рөлде келе жатып әріптестеріне үндеу жолдаған. Ол видеода көлікті жөндеуге кіріскен соң оны неге сапалы істемегендеріне наразылық білдірген. Жіберген суретте құтқарушылардың сол УАЗ көлігін өз күштерімен жөндеп жатқаны көрсетілген. Сонымен қатар қызметкерлердің аталған көлікті жөндеу үшін әрқайсысы 6 мың теңгеден ақша жинағанын растайтын сурет жіберілген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий