Алматы облысында түнде үйінен шығып кеткен 16 жастағы қыз жоғалып кетті

03.08.2026 12:30 Әсел МҰРАТ
Алматы облысында түнде үйінен шығып кеткен 16 жастағы қыз жоғалып кетті
198
instagram/volontery_lider.kz_almobl

Алматы облысының Қарасай ауданында 16 жастағы Ясмина Шертаеваның жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілер қозғалысы мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

Еріктілердің хабарлауынша, 2009 жылы туған Ясмина Шертаева 21 шілде күні сағат 23:30 шамасында Қарасай ауданындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері жасөспірімнен хабар жоқ.

Қыздың соңғы рет Қарасай ауданындағы «Долан» аялдамасының маңында «Бамбарбия Кергуду» ресто-бары орналасқан аумақтағы бейнебақылау камераларына түскені анықталған. Алайда оның одан кейін қандай көлікке отырғаны және қай бағытқа кеткені әзірге белгісіз.

Белгілі болғандай, Ясмина үйден бас киімсіз шыққан. Өзінде ұялы телефоны болғанымен, қазіргі уақытта оның SIM-карта нөмірі мен құрылғының IMEI-кодын анықтау мүмкін болмай отыр.

Іздеу жұмыстарына қатысып жатқан еріктілер Алматы – Бішкек тасжолымен 21 шілде күні сағат 23:30-дан 00:00-ге дейін жүрген жүргізушілерден көліктеріндегі бейнетіркегіш жазбаларын қарап шығуды сұрайды. Айтуларынша, әсіресе «Бамбарбия Кергуду» ресто-бары мен «Долан» аялдамасы маңынан қала бағытына қарай өткен жүргізушілердің көмегі маңызды.

Ясминаны көрген немесе оның қайда болуы мүмкін екені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан мына телефон нөмірлеріне хабарласу сұралады:

+7 701 375 92 91

+7 705 105 31 31

Сонымен қатар ақпаратты WhatsApp арқылы жіберуге, LIDER.KZ Instagram парақшасының директіне жазуға немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.

Войдите, чтобы оставить комментарий