Алматы–Ақтөбе бағытында жолаушы жұрттың көзінше жан тапсырды

28.04.2026 13:04 Арман Ермеков
Алматы–Ақтөбе бағытында жолаушы жұрттың көзінше жан тапсырды
80
Politico.kz | ЖИ арқылы жасалған сурет

27 сәуір күні Алматыдан Ақтөбеге бет алған жолаушылар пойызында 1966 жылы туған ер адам кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиғаның мән-жайын осы пойызда кетіп бара жатқан Threads желісінің қолданушысы айтып берді. Оның сөзінше Алға станциясына жақындаған кезде 33 пойыздың 12 вагонында кетіп бара жатқан жолаушының қан қысымы көтеріліп, бірден құлап түскен. Куәгерлер алғашқы көмек көрсетіп жедел жәрдем шақыртқанымен, олар Ақтөбеге жеткенше күтуге мәжбүр болған.

Инсульт алды деп болжанған азамат көп ұзамай көз жұмған.

«Араға минут салып купеге қарағанымда аға жерде жатыр бірден өмірден өткенін түсіндім. Медик жігіттен сұрағанымда олда кетіп қалды деді. Бірақ әйеліне дем алып жатыр деп айттым. (Мүмкін олай үміт сыйлағанымды қателік шығар,бірақ солай айтуыма тура келді өзі жылап тұрғасын қолында 6,7 айлық немересі бар.)», – деп жазды ол.

Сонымен қатар ол теміржол пойыздарында алғашқы көмекке қажетті заттардың жоқтығына наразылық білдірді.

«Айтқым келгені біздің теміржол пойыздарымызда неге алғашқы көмекке керек дәрілер және қан қысымын өлшейтін тонометр жоқ. Қазақстан темір жолы адам өміріне осыншама салғырт қарағанымыз ба?», – дейді куәгер.

Аталған қайғылы жағдайға қатысты «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметі жауап беріп, марқұмның туыстарына көңіл айтты. Олардың мәліметінше пойыз бастығы жолаушының денсаулығы нашарлаған кезде алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақыруды ұйымдастырған. Алайда келіп жеткен дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанын тіркеген.

«Белгіленген талаптарға сәйкес әрбір вагон әмбебап медициналық қобдишамен жабдықталған», – деп жауап берді ҚТЖ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий