Алматыда 7 жастағы қызды қағып өлтірген жүк көлігінің жүргізушісі бостандыққа шықты

12.05.2026 09:17 Мөлдір Қайнар
Алматыда 7 жастағы қызды қағып өлтірген жүк көлігінің жүргізушісі бостандыққа шықты
372
Фото: видеодан скриншот

Алматыда 7 жастағы Айзере Ибраеваның өліміне себеп болған жүк көлігінің жүргізушісі түрмеден босап шықты, жеп хабарлайды Politico.kz.

Сот оның жазасының өтелмеген бөлігін айыппұлмен алмастырған.

Қайғылы оқиға өткен жылдың 2 сәуірінде Қарасу шағынауданында болған. Сабақтан үйіне қайтып келе жатқан Айзере жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтпек болған. Қарсы бетте анасı күтіп тұрған. Сол сәтте кенет автобус шығып, қорқып кеткен қыз артқа шегінген кезде Renault жүк көлігі қозғалып кетіп, баланы қағып кеткен. Оқушы оқиға орнында көз жұмған.

Аталған дерек бойынша абайсызда адам өліміне әкелген жол ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 66 жастағы жүргізушіге бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төнген.

Алайда сот оны кінәлі деп танып, екі жыл алты айға бас бостандығынан айырған. Кейін жүргізушінің жазасының қалған бөлігі айыппұлмен ауыстырылып, ол бір жылдан кейін бостандыққа шыққан. Сонымен қатар бес жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Бастапқыда қыздың ата-анасы 18,2 миллион теңге көлемінде өтемақы талап еткен. Алайда апелляциялық сот бұл соманы 5,5 миллион теңгеге дейін қысқартқан.

Жүргізушінің адвокаты бұл шешімді “үлкен жеңіс” деп атаған. Алайда желі қолданушылары мұндай жағдайда жеңіс туралы айту орынсыз екенін жазып, қайғылы жағдайдан кейін баланың өмірін ешкім қайтара алмайтынын айтты.

Войдите, чтобы оставить комментарий