Алматыда алғашқы мопед тіркелді

Алматы қаласында алғаш рет мопед ресми тіркеуден өтті. Жас алматылыққа техникалық паспорт пен нөмірлік белгі берілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
2025 жылдың 11 қаңтарынан бастап мопедтерді тіркеуге мүмкіндік беретін жаңа нормалар күшіне енді. Мопедті тіркеу үшін қажетті құжаттарды ІІМ дайындады. Тіпті мопедтің рамада сәйкестендіру нөмірі болмаса да, тіркеу жеңілдетілген тәртіпте жүзеге асырылады.
2025 жылдың сәуір айында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске мопед жүргізушілерінің жауапкершілігіне қатысты өзгерістер енгізіледі. Оған сәйкес, мопед жүргізушілері А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуға міндетті болады.
Мопедтерді ресми тіркеу – жол қозғалысын қауіпсіз етуге және мопед жүргізушілерінің құқықтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Соңғы жаңалықтар





