Алматыда электросамокаттарға уақытша тыйым салу ұсынылды
749
Алматыда электросамокаттарға уақытша тыйым салу ұсынылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл бастаманы Алматы қалалық мәслихатының депутаты Құсайынов Бейбіт Болатұлы көтерді. Депутаттың айтуынша, мұндай шектеу қала инфрақұрылымы осы көлік түрін қауіпсіз пайдалануға толық дайын болғанға және жүргізушілер арасында жауапты жүргізу мәдениеті қалыптасқанға дейін қажет.
Бұл ұсыныс соңғы кездері самокаттардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының көбеюіне және тұрғындардан түскен көптеген шағымдарға байланысты жасалып отыр.
Осыған байланысты, депутат қалада электросамокаттарды пайдалануға мына шарттар орындалмайынша уақытша тыйым салуды ұсынды:
- Арнайы тұрақтар орнатылмайынша;
- Қауіпсіз веложолақтар салынбайынша;
- Жалға беру және жүргізудің нақты ережелері қабылданбайынша.
Депутаттың пікірінше, тек осындай кешенді шаралар ғана қаланы барлық тұрғын үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы ете алады.
Соңғы жаңалықтар
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...
13.09.2026
16:10
Қаскелеңде бір жылдан бері із-түзсіз кеткен әйе...
13.09.2026
15:14
Шетелдік блогермен видеоға түскен екі полиция қ...
13.09.2026
14:12
Головкин халықаралық спортта жоғары қызметке кө...
13.09.2026
13:15
Тоқаев Үндістанда Путиннің арнайы шақыруын алды
13.09.2026
12:06
Зеленскийден күтпеген мәлімдеме: Путинмен кезде...