Алматыда интимдік онлайн-трансляция жүргізген студия әшкереленді
Алматы қаласында полиция қызметкерлері пәтерде ұйымдастырылған заңсыз вебкам-студияның қызметін әшкереледі, деп хабарлайды Politico.kz.
Онда ақылы интимдік сипаттағы онлайн-трансляциялар жүргізілген. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Медеу аудандық полициясының қызметкерлері жедел іс-шара барысында арнайы жабдықталған пәтерді анықтаған.
Тексеру кезінде пәтерде онлайн-трансляцияға қатысқан бойжеткен мен студия әкімшісі болған. Екеуі де полиция бөліміне жеткізілді.
Тінту барысында құқық қорғау органдары компьютерлік техниканы, бейнетүсірілім құрылғыларын, трансляция жүргізуге арналған жабдықтарды және тергеуге маңызды басқа да заттарды тәркіледі.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу органдары заңсыз қызметтің барлық мән-жайын және вебкам-студияны ұйымдастыруға қатысы бар өзге тұлғаларды анықтап жатыр.
Соңғы жаңалықтар