Алматыда көлік жүйесін жаңғырту жеделдетіледі: 2026 жылы BRT мен LRT жобалары басталады
2026 жылы қаланың көлік жүйесін дамытуға қомақты қаражат бағытталмақ. Бұл туралы Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Әкімнің айтуынша, бөлінетін қаражат BRT және LRT желілерін дамытуға, сондай-ақ қоғамдық көліктің өзге де түрлерін енгізуге жұмсалады. Бұл шаралар мегаполистің бүкіл көлік жүйесін жаңғыртудың негізгі тетігі болмақ.
Дархан Сатыбалды атап өткендей, қазіргі шығыстарды оңтайландырудың нәтижесінде даму бағыттарына көбірек қаржы бөлуге мүмкіндік туды. 2026 жылы экономикалық өсімді ынталандыруға 850 млрд теңге қарастырылған, бұл жергілікті бюджеттің жалпы шығындарының үштен бірі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады