Алматыда шетелдіктер террористік шабуыл ұйымдастырмақ болған (ВИДЕО)

28.10.2025 10:28 Әсел Мұрат
 Алматыда шетелдіктер террористік шабуыл ұйымдастырмақ болған (ВИДЕО)
0
402

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 2025 жылдың қыркүйегінде 5 шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпарат жария етуге жатпайды.

Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған.

Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның 6-сы шетелдіктер.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий