Алматыда студент университет ғимаратынан құлап, көз жұмды

06.05.2026 19:25 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыда студент университет ғимаратынан құлап, көз жұмды
1293
Алматыда университет студенті қаза тапты

Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ғимаратында қайғылы оқиға болды,деп хабарлайды Politico.kz сайты İnformburo.kz-ке сілтемемен.

Бірінші курс студенті көз жұмды. Оқиға 6 мамыр күні таңғы уақытта тіркелген. Студент университет ғимаратының жоғарғы қабаттарының бірінен құлап кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

Белгілі болғандай, ол «Философия» мамандығы бойынша білім алып жүрген және мемлекеттік грант иегері болған. Оқытушылар оның сабақ үлгерімі жақсы болғанын, тәртіп бұзбағанын айтады.

Университеттің психологиялық қызметі студенттің бұған дейін мамандарға жүгінбегенін және оның жағдайына қатысты алаңдатарлық ақпарат тіркелмегенін хабарлады. Оқу орны басшылығы марқұмның отбасына көңіл айтып, қажетті қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Университет бұл жағдайдың емтихан кезеңімен байланысты емес екенін атап өтті: студенттің үлгерімі жақсы болған, алайда сол күні емтиханға келмеген.

 

Войдите, чтобы оставить комментарий