Алматыдағы депо бастығының ұсталғаны расталды

02.06.2026 12:13 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Алматыдағы депо бастығының ұсталғаны расталды
152
Иллюстрация/Фото: © Абзал Бахытжанов / Politico.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Алматы вагон пайдалану депосы директорының ұсталғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған дейін желіде аталған филиал басшысы К. Аманбаевтың 110 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен жұмыс орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат тараған еді.

Енді жауапты мекеме сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүріп жатқанын алға тартып, филиал басшысының биылғы 9 сәуірде қылмыстық іс аясында қолға түскенін мәлімдеді. Тергеу оның 2024 және 2025 жылдардағы қызметін қамтиды, ал сот оны қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

«Қазақстан темір жолы сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады және заңнама шеңберінде істің барлық мән-жайын анықтауда тергеуге жан-жақты жәрдем көрсетеді. Депода құқық бұзушылыққа ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында комплаенс-қызметінің басшылығымен комиссия ішкі тексеру жүргізеді, ал құзыретті органдар процестік шешім қабылдағанға дейін компания қосымша түсініктеме беруден бас тартады», – деді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Войдите, чтобы оставить комментарий