Алматыдағы мейрамханада сұмдық: Кешкі ас кезінде ер адам мойнынан пышақталды

10.07.2026 21:38 Қарақат АСЫЛОВА
Алматыдағы мейрамханада сұмдық: Кешкі ас кезінде ер адам мойнынан пышақталды
218
Видеодан кадр

Алматы қаласында мейрамханалардың бірінде болған жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарлайды Politico.kz.

45 жастағы ер адам мойнынан пышақ жарақатын алып, аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Оқиға кеше кешкі уақытта Медеу ауданындағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленуші мен өзіне таныс 32 жастағы азамат арасында кенеттен жанжал туындаған. Даудың соңы күдіктінің жәбірленушінің мойын тұсына пышақ сұғуымен аяқталған.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді. Қылмыс құралы ретінде қолданылды деген пышақ тәркіленіп, заттай айғақ ретінде тіркелді.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Алдын ала тергеу нұсқасына сәйкес, қылмыс таныс адамдар арасында кенеттен туындаған жанжал салдарынан жасалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта зардап шеккен ер адамның жағдайын дәрігерлер бақылауда. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий