Алтынай Жорабаева ата-анасының алтын тойын дүркіретіп өткізді
408
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Алтынай Жорабаеваның отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесі ата-анасының алтын тойын дүркіретіп атап өтті.
Алтынай Жорабаева Instagram-дағы парақшасында дүбірлі тойдан видео жариялап, көпшілікке отбасылық қуанышы қалай өткенін көрсетті. Өнер иесі туған інісі Талғат Жорабаевпен бірге ән шырқап, ата-анасын мейрамхана төріне алып шықты. Алтынай Жорабаева барша ұл-қыздары, келіндері мен күйеу балалары атынан әкесіне Chery Tiggo 7 Pro автокөлігін, анасына италиялық шуба сыйлады.
Алтын таққа лайықты асыл жандар, Ұл-қызына ақыл боп шашылғандар. Жетіпті Алтын тойдай асыл тойға, Шаңыраққа ақ таң боп ашылғандар. Бұйырыпты сіздерге осы бақыт, Өміріңіз баға жетпес асыл ақық. Тағы да 50 жылда бірге жүріп, Болыңыздар отбасына алтын, жақұт, - деп өлең жолдарын арнады Жорабаева.
Соңғы жаңалықтар
10.09.2026
23:20
19 жастағы сарбаз өздігінен жүре алмай үйіне ор...
10.09.2026
22:17
Тоқаев Төтенше жағдайлар министріне бірқатар на...
10.09.2026
21:19
Атырауда бес жасөспірім бір оқушыны ұрып-соққан...
10.09.2026
20:21
Қызылорда облысында 6 жастағы бала түнде Toyota...
10.09.2026
20:03
Олжас Бектенов денсаулық сақтау жүйелерін цифрл...
10.09.2026
19:06
Қорғас тасжолында үш адам қаза тапқан апат: Экс...