Алып қашқан қыздарға «Менің үстімнен аттап өт» дейтіндер де жауапқа тартылады
950
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қалыңдық ұрлау тақырыбына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оның айтуынша, мұндай әрекеттер қазіргі заңнамада қылмыс болып есептеледі және ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
«Қызды еркінен тыс алып қашқандар – адам құқықтарын өрескел бұзушылар. Жаза тек қылмысты жасағандарға ғана емес, оларға көмектескен, ұстап тұрған, «менің үстімнен аттап өт» деп қолдау көрсеткен адамдарға да қолданылады», – деді Мұрат Әбенов.
Депутаттың айтуынша, тек Түркістан облысының өзінде кейінгі бір жылда 13 қалыңдық ұрлау фактісі тіркелген. Бұл – өте жоғары көрсеткіш.
2025 жылы Қылмыстық кодекске қалыңдықты еркінен тыс ұрлау үшін жауапкершілік белгілейтін бап енгізілген еді.
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
14:15
Қазақстандағы ең бай әйелдің жеке мектебі қанша...
24.08.2026
13:45
Путин Тоқаевты Әділет партиясының жеңісімен құт...
24.08.2026
13:07
Қыркүйек айында қазақстандықтар қанша күн демал...
24.08.2026
13:05
Алматыда тұрғын үй кешенінде алапат өрт болды: ...
24.08.2026
11:41
"Шын сүйсек, неге өлердей жек көреміз?": Азамат...
24.08.2026
10:41
Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысы белгі...