«Амалым қанша»: Әбдіжаппар Әлқожа желіні шулатты
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа Бекжан Тұрыстың орындауындағы «Амалым қанша» әнін қайта жаңғыртып, жаңа бейнебаян ұсынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жаңа туынды желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Тыңдармандар Әбдіжаппардың бұл әнді таңдауының өзіндік себебі бар екенін, бейнебаяннан оның көзіндегі мұңды аңғарғандарын жарыса жазды.
«Жаным сол, көзің мұңға толды ғой. Найманның қызын амал жоқ алдың», «17 жасында үйленіп, махаббаттың не екенін де білмеген. Көкейінде өкініш пен сағыныш жатыр», «Жүрегі жаралы екені көрініп тұр», — деп пікір білдірді олар.
Айта кетейік, әншінің жаңа бейнебаяны жарияланған екі күннің ішінде 150 мыңнан астам қаралым жинады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
11.11.2026
09:22
«Деструктивті ұйымның ықпалында»: Нұртас Адамба...
11.11.2026
08:56
Оралда бұрынғы полицей пышақ жарақатын алды: по...
11.11.2026
08:18
Алматыда 12 жастағы баланы өлтірген оқушының ат...
10.11.2026
22:25
Маңғыстау облысы әкімдігіне келуші әйел пышақ а...
10.11.2026
21:39
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ саммитіне қатысу үшін ...
10.11.2026
20:22
Нұрлан Сабуров 100 миллион рубль бопсалау ісі б...