«Ән үшін өлтіріп қоя жаздады»: жас әнші Мұқасан Шахзадаевтан оңбай таяқ жеді (ВИДЕО)
1559
«Нұр-Мұқасан» тобына жаңадан қосылған әнші Ғалымжан соққыға жығылғанын айтты. Бұл туралы танымал блогер Жан Ахмадиев өз парақшасында жазды, деп хабарлайды Politico.kz.
Айтуынша, даудың басы топ орындаған әннен басталған. Мәселені бейбіт жолмен талқылау үшін Ғалымжан топтың бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда ол жақта жағдай ушығып, бірнеше адаммен бірге жүрген Шахзадаев Ғалымжанға күш қолданғаны айтылады.
Салдарынан Ғалымжан түрлі дене жарақаттарын алып, мұрны мен қолы сынған. Ең сорақысы оқиға орнына шақырылған полиция Мұқасанды емес, керісінше жәбірленушінің өзін ұстап әкеткенін айтады.
Қазір «Нұр-Мұқасан» тобының мүшесі заңгерлердің көмегіне жүгініп, күш қолданған әртісті жауапқа тартуды талап етіп отыр. Оқиға бойынша құқық қорғау органдарына ресми шағым берілген.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...