Анам көз алдымда қартайып келеді – Айгүл Иманбаева

Анасымен бірге Шығыс Қазақстанда демалысын өткізіп жатқан әнші Айгүл Иманбаева анасы жайлы ой-толғауын ортаға салды, деп жазды POLITICO.KZ.
Ол әлеуметтік желіде анасына арнап жазба жариялаған.
«Анам көз алдымда қартайып келеді. Қарбалас өмірде, қолым қалт етсе болды анамның жанынан табылуға тырысамын. Қазіргі кезде әр сағатымды, әр минутымды анамның қасында өткізгім келеді. Тіпті, қартайған сайын адам бір бала сияқты болады екен расында. Бала сияқты еркелейді, өткен-кеткенді есіне алып көзіне жас алады, кейде балаша қуанады. Анамның әр таңда осылай қасында болғаным- мен үшін бақыт. Қатон-Қарағайда, “Жанат” шипажайында, күнге арқасын қыздырып, маған еркелеп кітабын оқып отыр. Кітап оқу әдеті маған анамнан дарыса керек, қолынан кітабы түспейді, көзі ауырып кетсе де қолынан кітабы түспейді. Кейде оқып бітіріп тастаган кітаптарын қайта оқи беретін кездері де болады. Кітап оқуға, жалпы білімге деген көзқарасы- бала кезден анамның бойында орныққан керемет қасиет! Сыртынан түсіріп алған жасырын видео, айып етпеңіздер..», - деп жазды әнші.
Соңғы жаңалықтар





