«Жындыханаға жатқызып тастады»: Ақтөбеде бір үйдің бес баласы халықтан көмек сұрады

«Жындыханаға жатқызып тастады»: Ақтөбеде бір үйдің бес баласы халықтан көмек сұрады
16.10.2025 18:10
0
91

Бір үйдің бес баласы халықтан көмек сұрап, әлеуметтік желіде видеоүндеу жасады. Тұңғыш баланың айтуынша, ақыл-есі дұрыс анасын психиатриялық ауруханаға жатқызып тастаған. Қазіргі кезде олар Ақтөбедегі «Аяла» орталығында тұрып жатыр деп хабарлайды POLITICO.KZ

Қыздың айтуынша, аналары туыстарының әрекетінен кейін психиатриялық ауруханаға жіберілген. Бүкіл жағдайға бауырлар арасныдағы мүлікке талас себеп болған.

«Бір күннің ішінде өз апамыз анамызды жындыханаға жатқызып, бізді орталыққа жіберді. Біз негізі нағашы әжеміздің қолында тұрып жатқан болатынбыз. Нағашы әжеміз үй сататын болып, туыстар мүлікке таласып, апаларымыз анамызды сыйдыртпады. Бізді сіңіліміз екеумізді ауру қыздар деп жапқысы келді. Бірақ барлығымыз балалар орталығындамыз», - дейді балалардың үлкені.

Айтуынша, нағашы әжесі де ішкілікке салынған. Қазіргі кезде балаларға көмектесетін ешкім жоқ.

«Бізге көмектесетін ешкім жоқ. біздің әкеміз ішеді. Ол кісі мүлдем көмектеспейді. Анамыз ешқандай ауру емес. Оған жала жабылып отыр. Анамыз бізді жалғыз өзі бағып өсіріп келеді. Кішкентайларымыз балалар үйіне кетіп қала ма деп қорқамыз», - дейді қыз.

Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті жауап берді. Олардың сөзінше, бұл оқиға комитеттің және ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің және Ақтөбе облысы әкімдігінің бақылауында.

«Қазіргі уақытта барлық балалар кәмелет жасқа толған әпкелерімен бірге қауіпсіз жерде орналасқан. Облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары отбасының тұрғылықты жеріне барып, жағдаймен танысты. Балалардың хал-ахуалы қанағаттанарлық, тұрмыс жағдайы белгіленген нормаларға сай» дейді ведомство өкілдері. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий