Әнару Қалдыбектің әкесі қызын құтқарып қалу үшін жанын салуда
430
Кейде біз өмірдегі бір сәттік оқиғалаларға қарап баға беріп жатамыз. Бірақ сол сәттегі жағдайға қандай себеп болды? Оның астарында не жатыр? Ойланбайды да екенбіз. Бүгін Әнарумен бірнеше мәрте сөйлестім. Сонда түсінгенім қазір Әнарудың жанында балапанын қызғыш құстай қорғап, шыр-шыр етіп әкесі жүр. Әкесінің жанында жүргенін естіп, қатты қуандым. Тіпті осындай қиын шақта Әнарудың жанында әкесі болмаса, көзінің жасын сүртпесе, еркелетіп құшағына баспаса, терең күйзелістен құрбылары болып, біз шығара алмас едік…
“Әкем әншілік өнеріме көмектеспейтін болды” деген Әнарудың сол кездегі өкінішін мен де, Әнару да жастықтан ба, түсінбеген секілдіміз. Себебі әкесі “Қызым әнші болса, өмірдің бұралаң жолдарына түсіп кетуі мүмкін. Оданша оқуын оқысын, ғылым, білім қусын” деген жамандықтан сақтағаны әрі қамқорлығы екен.
Иә, әкесі қанша жерден қызына қырық үйден тыйып, қамқорлық көрсетсе де, Жанқош деген үйіріліп соққан құйынды дауыл қатерлі жолдарға бастаған.
Менің түсінгенім, бұл батпақтан Әнаруды ең бірінші суырып алып шығатын әкесі. Құрбылары болып, біз де Қалдыбек Құрманәлі мырзаға үміт артып отырмыз.
Құрметті достар, провакациялық видеоларға сеніп қалмай, қазақ қызының ар-намысын қорғауға үлестеріңізді қосыңыздар! Біздің бүгінгі үнсіздігіміз - ертең жақынымызға зиянын тигізуі әбден мүмкін.
Ақгүл Айдарбекова
Соңғы жаңалықтар
22.09.2026
21:47
Роза Рымбаева: Қазір екі ұлыммен көрші тұрып жа...
22.09.2026
21:25
35 жастағы медбике автобусқа тұрмысқа шықты
22.09.2026
21:17
«Жасыл дәліз» көмектеспеді: Астана әуежайында з...
22.09.2026
21:12
Балымбетов: Жәрдемақы алу үшін өтірік ажырасаты...
22.09.2026
20:49
Феншуй маман: Аман Тасығанға менен сұқбат алған...
22.09.2026
20:23
Астана маңындағы жол апатында екі аяғынан айыры...