Анасымен ұрсып қалған оқушы қыз 6-қабаттан секіріп кетті

Санкт-Петербург қаласында бесінші сыныпта оқитын қыз бала алтыншы қабаттағы балконнан құлап, ауыр жарақат алды. Бұл туралы Mash на Мойке Telegram арнасы хабарлады.
Оқиға Мечников көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы балконнан cекірген. Салдарынан бірнеше қабырғасы, жамбас сүйегі және омыртқасы сынып, жабық бас-ми жарақатын, өкпе мен жүрекке зақым, сондай-ақ басқа да ішкі мүшелерінің жарақаттарын алған. Қыз бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
Telegram-арна мәліметіне сүйенсек, оқиға орын алар алдында қыз бен анасы арасында жанжал болған. Анасы мектептегі тәртібі үшін қызына телефон арқылы ескерту жасаған. Үйге оралған соң, әйел балкон есігінің ашылғанын естіп, артынша қызын үйдің астынан тапқан.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар





