“Анасының құрбысы”: Мұғалім 13 жастағы оқушысынан бала босанды

“Анасының құрбысы”: Мұғалім 13 жастағы оқушысынан бала босанды
22.07.2025 11:14
0
968
Фото: freepik.com

Мектептегі мұғалім 13 жастағы оқушысынан бала туды. Сұмдық жағдай АҚШ-та болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл туралы  РЕН ТВ жариялады.

Тергеу мәліметінше, әйел 2019 жылы 13 жастағы оқушысынан бала босанған. Мұғалім баланы алғаш рет ол 11 жаста болғанда азғындай бастаған.

Бастапқыда әйел болашақ құрбанының анасымен достасып, қажет кезде балаларға қарасып тұруды ұсынған. Әкесінің айтуынша, балалар аптасына бір-екі рет сол әйелдің үйінде қонып, ол оларды мектепке апарып жүрген.

Жәбірленушінің қарындасы полицияға берген мәлімдемесінде, бауыры 11 жасынан бастап мұғалімнің төсегінде ұйықтай бастаған болуы мүмкін екенін айтқан. Оның айтуынша, бала мұғалімнің үйіндегі жуынатын бөлмені пайдаланған, ал Кэрон (мұғалімнің аты) бала сол жерде болғанда ішке кіріп, есікті іштен жауып алатын болған.

«Қарындасы бауырымен болған хат алмасуды көрсетті, онда бала өз баласының әкесі екенін мойындаған, бірақ ешкім бұл туралы білмесін деп тілеген, себебі мұғалім қиындыққа тап болмасын деген», – делінген материалда.

2025 жылдың маусымында үлкен қазылар алқасы әйелге ресми айып таққан, алайда ол кінәсін мойындамаған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий