Анасының рұқсатынсыз бөтен баланы сүйген әйелді полиция ұстап әкетті
533
Испанияда әйел адам анасының келісімінсіз сәбиді сүйгені үшін қамауға алынды.
Бұл туралы 20 Minutos басылымы хабарлайды.
Бильбао қаласындағы Ареналь саябағында бір жасар баласымен серуендеп жүрген анасына бейтаныс әйел жақындап, ешқандай сөз айтпастан баланы алып, ернінен сүйген. Оқиға орнына дереу шақырылған қалалық полиция қызметкерлері күдіктіні оқиға болған жерден алыс емес маңда ұстап, қамауға алды.
Ұсталған әйел жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізіліп, онда жауап алынып, сексуалдық зорлық-зомбылық бабы бойынша сотқа тартылды. БАҚ мәліметінше, тергеу органдары бұл әрекетті кәмелетке толмаған баланың жеке шекарасын бұзатын және әлеуетті қауіпті қылмыс ретінде қарастырып отыр. Оқиғаның мән-жайы әлі де анықталу үстінде.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...