Андорра 2019 жылдан бері жеңбеген алғаш рет Қазақстанды жеңді

Андорра 2019 жылдан бері жеңбеген алғаш рет Қазақстанды жеңді
10.10.2025 10:05
0
139
әлеуметтік желі

Футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Андорра құрамасынан 0:1 есебімен ұтылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Кездесу Андоррада өтті. Бірінші таймда есеп ашылмады, ал екінші таймда Марк Родригес бұрыштан көтерілген допты қақпаға дәл бағыттап, жеңіс голын соқты.

Үш ойында бір ғана жеңіс алған қазақстандықтар турнир кестесінде бесінші орынға түсті. Ең әлсіз командалардың бірі саналатын Андорра болса, соңғы алтыншы орында келеді.

Айта кетейік, бұл Андорра жастарының 2019 жылдың қарашасынан бергі алғашқы жеңісі. Сол жылы олар Түркияны 2:0 есебімен ұтқан еді. Содан бері команда 33 матч бойы жеңіске жете алмай, 29 рет жеңіліп, 4 рет тең түскен. Тіпті соңғы 13 ойында қатарынан ұтылған болатын.

Сондай-ақ, Андорра құрамасы соңғы голын бір жыл бұрын Португалия қақпасына соққан еді. Осылайша, олар ұзаққа созылған сәтсіздіктер сериясын үзіп, Қазақстан құрамасын жеңу арқылы тарихи нәтиже тіркеді.

Келесі матчтарда Қазақстан жастары қараша айында Словакия және Молдова құрамаларымен кездеседі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий