Әнші Меруерт Түсіпбаева атыраулық блогерді толық деп кемсітіп, басы дауға қалды

30.04.2026 12:44 Мөлдір Қайнар
Әнші Меруерт Түсіпбаева атыраулық блогерді толық деп кемсітіп, басы дауға қалды
64
Фото: Stan.kz

Атырау тұрғыны, кәсіпкер әрі блогер Заида мен Қазақстанның халық әртісі Меруерт Түсіпбаева арасында әлеуметтік желіде дау туындады, деп хабарлайды Politico.kz..

Блогердің айтуынша, әнші оның артық салмағына байланысты үстінен арыз жазғанын мәлімдеген. Ол бұл туралы Threads желісінде видео жариялап, жағдайды көпшілікке жеткізді.

«Менің үстімнен Қазақстанның халық әртісі Меруерт Түсіпбаева арыз жазыпты. Менің толық болғаным үшін. Иә, достар», – деді Заида.

Блогердің сөзінше, жанжал әлеуметтік желідегі пікірден басталған. Оның айтуынша, әнші жарияланымының астына «Арықтау керек!» деп жазған, ал Заида бұл пікірге жауап қайтарғанын айтады.

«Ол, бәлкім, мен үндемей қалады деп ойлаған шығар. Өзі абьюз жасайтын адамдардың көбі үндемейтін шығар. Бірақ мен үндемей қалмадым, жауап бердім. Ал менің жауабым оған ұнамаған сияқты», – дейді блогер.

Оқиғадан кейін әнші тағы бір жазба жариялағаны айтылды. Заиданың сөзінше, ол жазбаны өзі көрмегенімен, оған сілтемелер жіберілген. Онда артық салмақ мәселесіне қатысты пікірлер айтылған. Біраз уақыттан соң блогерге Алматы қаласының полициясы тарапынан қоңырау түскені де мәлім болды.

«Бүгін маған Алматы қаласының полициясынан қоңырау шалып, оның менің үстімнен арыз жазғанын айтты. Жарайды», – деді ол.

Сонымен қатар Заида өз денсаулығына қатысты жағдайды да түсіндіріп, артық салмағы бала кезіндегі гормоналды емнің салдары екенін жеткізді.

«9 жастан 16 жасқа дейін мені гормоналды препараттармен емдеді. Есімде қалғаны – преднизолонды өте көп мөлшерде қабылдадым және басқа да дәрілер болды. Соның салдарынан менде артық салмақ пайда болды. Мен онымен саналы ғұмырымның бәрінде күресіп келемін», – деді блогер.

Ол салмақ мәселесі көптеген адам үшін өте сезімтал тақырып екенін атап өтіп, желі қолданушыларын біреудің сырт келбетіне қатысты пікір жазбауға шақырды.

«Достар, бізде айна бар, біз бәрін жақсы білеміз. Көбіне артық салмағы бар адамдар онымен үнемі күреседі. Үнемі! Бітпейтін диета, бітпейтін жаттығу… Біз тіпті диванда жатып, тамақ ішіп, салмақ қоссақ та – бұл сіздің шаруаңыз емес! Бұл мүлде сіздің шаруаңыз емес! Біздің салмағымыз, бәлкім, кетер. Ал сіздің ақылыңыз, өкінішке қарай, бұдан көбеймейді. Кешіріңіз», – деді Заида.

Ал өз кезегінде Меруерт Түсіпбаева бұл айыптауларды жоққа шығарып, әлеуметтік желіде жауап берді. Ол блогердің сөздерін дәлелдеуді талап етіп, мәселені заң аясында қарастыру керегін айтты.

«Мына әйел дәл осы сөзіне жауап берсін енді. Қалғанын адвокаттар шешеді. Хайпты керемет жасайды екен, қайдағы полиция? Қайдағы сот? Шақыру қағазын көрсетіп, дәлелдесін», – деп жазды әнші.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий