Әнші Мұрат Қожа өз қыздарымен араласуды қойған ба? Бұрынғы әйелі шындықты айтты

26.06.2026 14:21 Мөлдір ҚАЙНАР
Әнші Мұрат Қожа өз қыздарымен араласуды қойған ба? Бұрынғы әйелі шындықты айтты
285
Фото: коллаж politico.kz

Белгілі продюсер, кинотанушы Айман Нұразхан танымал әнші, экс-күйеуі Мұрат Қожамен ажырасқаннан кейінгі өмірі мен басынан өткен ауыр кезеңдері туралы бар шындықты жайып салды. Өнер иесі «Kezdesu» бағдарламасына берген сұхбатында ажырасудан кейін 5 жыл бойы депрессияда болғанын және қазіргі уақытта әншінің өз қыздарымен мүлдем араласпайтынын ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

​Айман Нұразханның сөзінше, олардың некесінің бұзылғанына 12 жыл уақыт өткен. Өкінішке қарай, бұрынғы ерлі-зайыптылар қазір тек шығармашылық концерттерде ғана сырттай амандасып тұрады. Сондай-ақ продюсер Мұрат Қожаның қыздарының халін білуге ықылас танытпағанын, алайда өзі бұрынғы атасымен және қайын жұртымен байланысын үзбегенін жеткізді. Жақында ол үш қызын ертіп, марқұм енесінің басына барып, бата жасап қайтқан.

​“Ажырасқанымызға 12 жыл болды. Өкінішке қарай, біз қазір араласпаймыз. Арасында концерттік бағдарламада көрген кезде амандасамыз. Қыздарымен де араласпайды. Аралас, хабарын біліп қой деп айттым. Бірақ, ол кісі жақтан араласу болмағасын қойдым. Дегенмен, әлі күнге дейін атаммен араласамын, немерелерінің суретін жіберіп тұрамын. Ол кісі тілегін айтып, батасын береді. Мен содан ләззәт аламын, аман болсын. Жақында үш қызымды алып, Ақтау қаласына, марқұм енемнің басына бардым. Ол кісінің қайтқанына 10 жыл болды. Марқұм енемді өте қатты жақсы көрдім. Қыздарым әжелерінің қайда жатқанын көрсін деп алып бардым. Сол кезде аталарымен де көрісті”, — деді ол өз сұхбатында.

​Сонымен қатар кинотанушы ажырасудан кейінгі күйзеліс пен депрессиядан қалай шыққанын жасырмай айтты. Құжат жүзіндегі «ажырасқан» деген мәртебе мен жиын-тойларда жалғыз жүру алғашқы жылдары оның көңіл-күйіне қатты әсер еткен. Сүйікті жұмысы, ата-анасы мен бауырларының, қыздарының қолдауы 5 жылға созылған ішкі күйзелісті жеңуге көмектескенін атап өтті. Қазіргі таңда бұл сұхбат әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий