Әнші Қайрат Байбосынов «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды

Әнші Қайрат Байбосынов «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды
20.05.2025 13:25
0
121
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Әукенұлы Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Бүгін, 20 мамыр күні мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты жиын өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. 

Президент ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. Жиын барысында президент Қайрат Әукенұлы Байбосыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді. Сондай-ақ президент жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий