Әнші Сәкен Майғазиев сүйінші сұрады
Танымал әнші Сәкен Майғазиев қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі алғаш рет немере сүйіп, қуанышын оқырмандарымен бөлісті.
«Ассалаумағалейкүм, асылдарым! Сүйінші! Немерелі болдым! Аллаға мың шүкір! Қазақ елі, сіздерге де немере-шөбере жұғысты болсын! Бақыттан басым айналып тұр!» – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары Сәкен Майғазиевті ата атануымен құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды.
«Бауы берік болсын!», «Құтты болсын!», «Ғұмыры ұзақ болсын!», «Алла өмірімен берсін!» деген ақжарма лебіздер әлеуметтік желіде көптеп жазылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...