Әнші Сәкен Майғазиев жол апатына түсті
Белгілі әнші, «Мұзарт» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев жол апатына ұшырады.
Бұл туралы өнер иесі өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Иә, кеше жол апаты болды. Сарыағашқа бара жатқан жолда жоғары жылдамдықпен келе жатып, бір көлікпен соқтығысып қалдық. Екі көлік те трассадан шығып кетті. Дегенмен, ең бастысы – бәріміз дін аманбыз, ешкім зардап шеккен жоқ. Соған шүкіршілік еттік", – деп жазды әнші.
Сәкен Майғазиев бұл ақпаратты жариялаудағы басты мақсаты – жолда жүру кезінде абай болу керектігін еске салу екенін айтты.
"Желіге тек “жүргенде абай болыңыздаршы” деген оймен салған едім. Хабарласып, тілектестігін білдіріп жатқан жандарға алғыс айтамын. Аман болайық", – деді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
16:09
Астанада телефонға алаңдаған автобус жүргізушіс...
16.10.2026
15:56
Ақтөбедегі жарылыс: газ құю бекетінің иесі сотт...
16.10.2026
15:44
«Басты мақсат — ақша табу емес»: Димаш Грэмми ж...
16.10.2026
14:43
Қазақстандықтар киім мен аяқкиімге қанша ақша ж...
16.10.2026
14:09
Дариға Бадықованың асырап алған қызының қазір н...
16.10.2026
13:23
Қазақстанда әлеуметтік көмек қысқармайды: Бекте...