Әнуар Нұрпейісов ҚҚС туралы ән шығарды

Әнуар Нұрпейісов ҚҚС туралы ән шығарды
19.10.2025 20:30
0
979
фото: ашық дереккөз

Әнуар Нұрпейісов ҚҚС туралы сатиралық бейнебаян жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Астана. 19 қазан. Белгілі актер, блогер әрі шоумен Әнуар Нұрпейісов қосылған құн салығының өсуіне қатысты «ҚҚС бәріне әсер етеді» (түпнұсқа атауы «Всех коснется НДС») атты сатиралық ән-бейнебаян жариялады. Оның YouTube арнасында жарияланған бұл туынды аз уақытта көп қаралым жинап, желіде қызу талқыға түсті.

Автор бұл жобаны идеясынан бастап, мәтіні, музыкасы, өңдеуі мен монтажына дейін толығымен өзі жасаған. Нұрпейісовтің сипаттамасында бұл «баға, салық және мәңгілік «қиналған кезде үнемдеп өмір сүру» туралы біздің шындығымызға арналған ирониялық ән» деп көрсетілген.

Қысқаша айтқанда, бұл туынды элитаның сән-салтанатта өмір сүріп жатқанда, қарапайым халықтың қалтасын қаққан экономикалық саясатқа қарсы әлеуметтік наразылық. Жасанды интеллект көмегімен жасалған бейнебаянда қоғамның әртүрлі саласындағы адамдар көрсетіледі.

Желі қолданушылары бұл туындыны жылы қабылдап, жаппай қолдау білдіруде.

«Керемет талантты, интеллектуалды әзілі жоғары, әділдік пен адалдық үшін шырылдайтын азамат! Әнуар Нұрпейісов, сізге респект!», «Шедевр. Браво. Күлкілі болуы керек сияқты, бірақ неге жылағың келеді...», «Әнуар елімізде болып жатқан жайттың бәрін қандай нәзік әрі әзілмен жеткізген! Бәрі мінсіз жасалған! Шенеуніктердің бәрі таңертең осы лирикалық әнді тыңдауы керек!», «Жас буыннан тек Санжар Боқаев пен Әнуар Нұрпейісов қана өз пікірін ашық айтып, мүмкіндігінше әрекет етеді. Қалғандары үндемейді», – деп жазды қолданушылар.

Әнуар Нұрпейісов – 1985 жылы Қарағандыда дүниеге келген қазақстандық танымал актер, блогер және шоумен. Ол көпшілікке «Қызғылт қоян туралы ертегі» (түпнұсқа атауы «Сказ о розовом зайце») фильмі мен «Ағайындылар» телехикаясындағы басты рөлдері арқылы танымал.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий