«Апама – жездем сай!»: Айжұлдыз Адайбекованың ерекше фотосессиясы желіні күлдірді

«Апама – жездем сай!»: Айжұлдыз Адайбекованың ерекше фотосессиясы желіні күлдірді
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында тың фотосессиясын жариялап, желі қолданушыларының көңілін көтерді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Кадрлардан Айжұлдыздың жұбайы Сәкен Қағаровпен бірге бір-бірінің суреті бейнеленген жұптық пижама киіп түскені байқалады. Ерекше әрі әзілге толы образ көпшілікті бейжай қалдырмады.

Жарияланым астына Айжұлдыз:
«Инстаграмдағы жылтыр өмірге қызықпаңдар. Шынайы life әлдеқайда қызығырақ», – деп жазба қалдырған.

Желі қолданушылары бұл фотосессияны жылы қабылдап, пікірлерін қалжың араластыра жазды. Көпшілігі ерлі-зайыптылардың қарапайым да шынайы тұрмысын жоғары бағалаған.


«Өздерің де біз сияқты мінсіз емес отбасы екенсіңдер ғой», «Үй шашылып жататын жалғыз мен емес екенмін», «Пижаманы “өлтіріпсіңдер”, бірден байқамадым!», «Апама – жездем сай!», «Шаблонсыз өмір сүретініңізге риза боламыз» деген сынды жазбалар жиі кездеседі.

Желі қолданушыларының айтуынша, Жанар Айжанованың қызы мен жолдасының бұл бейнесі жасандылықтан ада, нағыз өмірдің көрінісін көрсеткен.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу