Ақбота-Нұр Сейтмағамбет балаларын мектепке әзірлеуге миллионнан аса қаржы жұмсағанын айтты
559
Танымал әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет биыл екі баласын жаңа оқу жылына дайындауға шамамен 1 миллион теңге кеткенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әншінің айтуынша, мектеп формасы, спорттық киімдер және қажетті құрал-жабдықтардың бәрін қосқанда шығын осындай соманы құраған.
«Костюм-шалбар, спорттық форма, оқу құралдары бар – барлығы қосылып, 1 миллион теңгенің айналасында кетті», – деді өнер иесі.
Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік аталған соманы тым қымбат деп бағалап, өз тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.
«120 мың теңгеге әрең жеткіздім», «Менің 4 балама 150 мың теңге болды, миллионға не алғанын түсінбедім», «3 балама 200 мың теңге болды, шүкір», – деген пікірлер жазылды.
Соңғы жаңалықтар
10.07.2026
09:22
"Қайырлы таң тілемегені үшін": Ер адам үш жаста...
10.07.2026
09:20
Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді
09.07.2026
23:12
Маңғыстауда атыс болды: Екі адам ауыр жағдайда ...
09.07.2026
22:38
«Асқар тауымнан айырылдым»: Дархан Мұсаев қарал...
09.07.2026
21:29
Перизат Қайраттың тағы бір қымбат көлігі мемлек...
09.07.2026
20:51
Сарапшы: Парламенттің әрбір олигархиялық топ өз...