Ақмолада әскери қызметші зейнетке шығу үшін сотқа жүгінді

Ақмолада әскери қызметші зейнетке шығу үшін сотқа жүгінді
Фото: gov.kz

Ақмола гарнизонының әскери соты 45 жасқа толған прапорщикті әскери қызметтен босатудан бас тартқан Ұлттық ұланның әскери бөлімінің шешімін заңсыз деп таныды, деп хабарлайды Politico.kz.

Әскери қызметші шекті жасқа толған соң қызметтен кеткісі келген. Алайда әскери бөлім келісімшарт талаптарына сүйеніп, оны босатудан бас тартқан.

Істі қараған сот «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның 55-бабының 3-тармағына сәйкес прапорщиктің 45 жасында әскери қызметтен босатылуға құқылы екенін анықтады.

Сот әскери бөлімге прапорщиктің зейнетақы ісін дайындап, қызметтен босатуға қажетті құжаттарды жолдауды міндеттеді. Сондай-ақ оның заң көмегіне жұмсаған шығынын әскери бөлімнен өндіру туралы шешім шығарды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу