«Әсетімсіз өткен екінші айым»: Каспийде қаза тапқан сарбаздың сүйіктісі желіде әсерлі жазба жариялады
Әлеуметтік желіде Motii лақап атымен тіркелген қолданушы өмірден өткен сүйіктісі Әсетті еске алып, көпшіліктің жүрегін елжіреткен жазба қалдырды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бойжеткен сүйіктісінен айырылғалы бері екі ай өткенін айтып, оған деген сағынышын жеткізді:
«Жарық жұлдызыма... Әсетімсіз өткен 2-айым... Осы уақыттың әр күні сені сағынумен, сенің даусыңды, еркелеткен сөздеріңді еске алумен өтті. Әлі күнге дейін "Маконтай, мені күтші, мен де сені күтіп жүрмін" деген сөзің құлағымда. Келемін деген уәдеңе сеніп, сені күткен күндерім қандай бақытты еді», — деп жазды ол.
Сондай-ақ қыз бала сүйіктісіне берген уәдесінен соңғы демі қалғанша айнымайтынын және онымен жұмақта қауышуды армандайтынын атап өтті:
«Әсетім, мен саған берген адалдығымнан соңғы демім шыққанша айнымаймын. Аллахымның рақымына сеніп, бір күні жәннатта қайта кездесуді армандаймын. Сол күнге дейін сен менің дұғаларымда, жүрегімде қаласың. Қатты сағындым... Тағы бір рет құшақтап, жақсы көретінімді айтып, бар болғаны үшін рақмет айтсам ғой... Ин Шаа Аллах, жәннатта кездесерміз, менің жарық жұлдызым», — деп түйіндеді жазба авторы.
Соңғы жаңалықтар