«Сағиды» өлтірді деген күдікті Түркияда ұсталды

«Сағиды» өлтірді деген күдікті Түркияда ұсталды
Фото: Haberler

Қазақстанда 20 жыл бұрын жасалған кісі өліміне қатысты халықаралық іздеуде жүрген 50 жастағы Витта Махмаханов Түркияда ұсталды. Ол Жезқазғанда «Сағи» лақап атымен танылған Сағит Шоқпытовты өлтірді деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Politico.kz.

Түркияның Habertürk басылымының мәліметінше, 1976 жылы Алматыда дүниеге келген, тегі шешен Махмахановты Ресейдің құқық қорғау органдары адам өлтіру қылмыстары бойынша іздестірген.

Ыстанбұл полициясы халықаралық іздеуде жүрген күдіктінің Бакыркөй ауданындағы үйлердің бірінде жасырынып жүргенін анықтап, арнайы операция кезінде ұстаған. Қазір оған қатысты процессуалдық амалдар жүріп жатыр.

Сағит Шоқпытов кім болған?

2006 жылдың 28 қарашасында Жезқазғанда үйіне қайтып бара жатқан Сағит Шоқпытовтың көлігіне қарулы шабуыл жасалып, ол қаза тапқан. Осы қылмыстан кейін Ресейдің құқық қорғау органдары Махмахановқа іздеу жариялаған.

Қазақстандық БАҚ пен тергеу материалдарындағы мәліметтерге қарағанда, Шоқпытов 2000 жылдары Қарағанды облысында әрекет еткен «Сағи» ұйымдасқан қылмыстық тобының жетекшісі болған делінеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу