«Ақселеу алған орденді Динара, Қайраттардың тағуы орден деңгейін түсірді»: қоғам белсендісі президентке назын айтты
Қоғам белсендісі Мақсұт Таңжарықұлы жақында танымал адамдарға берілген мемлекеттік марапаттарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Мақсұт Таңжарықұлының жазуынша, марапатты лайықты адамдар алса халық ештеңе демейді.
«Біз кез келген атақтың қадірін түсіріп жібереміз ғой. Құрмет ордені. Деңгейін түсірмей, қадірін кетірмей ұстап тұратын орден еді ғой. Мысалы Ақселеу Сейдімбек, Дулат Исабек, Е.Хасанғалиев, Мекемтас Мырзахметов, Нұрғали Нүсіпжанов, Лидия Кәденова, Меруерт Өтекешова, Роза Рымбаева тағы басқалар алғасын, ары қарай ол орденнің деңгейі түспеуі керек қой», - деп жазды Мақсұт Таңжарықұлы.
Қоғам белсендісі орденнің деңгейі түсіп кеткеніне қапалы. Айтуынша, орденнен ешкім кенде қалмаған.
«Деңгейін түсірдік. Қайрат Нұртас, Динара Сәтжан, Мөлдір Әуелбековаларға бердік. Ақселеу алған орденді Динара, Қайраттардың тағуы, орден деңгейі түспеген емей не енді? Құрмет ордені көптеген министрлер, обл әкімдері, парламент депутаттарының біразында бар. Ешкім кенде қалмапты. Шен жайлы, 40 жасқа жетпей генерал болатынымызды айтпай ақ қояйын. АҚШ-та полиция бөлімшесін лейтенанттар басқарады. Ал бізде майор, подполковниктер «барып кел, шауып кел» жұмыстарында жүр. Кез келген атақ-шеннің деңгейі түспеуі керек. Президентке осыны жеткізетін адам болса», - деп ойын түйіндеді қоғам белсендісі.
Соңғы жаңалықтар