АҚШ Еуропаны Украинаға көбірек қару сатып алуға итермелеуде

АҚШ әкімшілігі Еуропалық одақ елдерін Украинаға қосымша қару сатып алуға шақыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Reuters.
Трамп әкімшілігінің өкілдері Украина үшін қару-жарақ сатып алу мәселесін осы аптада Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында талқылайды. АҚШ-тың Украина жөніндегі арнайы өкілі Кит Келлог Еуропалық одақ мемлекеттерімен келіссөз жүргізетіні белгілі болды.
АҚШ-тың бұл жоспары Украина билігіне келіссөздер алдында қосымша сенім береді. Себебі Трамптың АҚШ-тың әскери көмегін қысқартуы мүмкін екені бұрыннан айтылып жүр.
Ресми мәлімдеме әлі жасалмаса да, Келлог:
"АҚШ әрқашан өз қаруын сатуды қалайды, өйткені бұл біздің экономикамызды нығайтады", – деп атап өтті.
Қазіргі таңда белгісіз болып отырған жайт – Еуропалық елдер АҚШ-тың әскери қорларынан тікелей қару сатып ала ма, әлде коммерциялық келісімшарттар негізінде ала ма? Сарапшылардың айтуынша, коммерциялық келісімдер бірнеше жылға созылуы мүмкін.
АҚШ-тың бұл стратегиясы Украинаға қолдау көрсетуді жалғастырумен қатар, Еуропаны осы бастаманың басты қаржыландырушыларының бірі етуі мүмкін.
Соңғы жаңалықтар





