АҚШ Ресей басшылығына қатысты тергеуді қолдаудан бас тартты

АҚШ Ресей басшылығына қатысты тергеуді қолдаудан бас тартты
17.03.2025 13:38
0
321
Koen Van Weel/ANP/AFP, via Getty Images
Вашингтон Украинадағы соғысты зерттейтін халықаралық топтан шығып кетті

АҚШ Украинадағы соғысқа жауаптыларды тергеу жөніндегі халықаралық топтан шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. Бұл шешім АҚШ Әділет министрлігінің еуропалық шенеуніктерге жасаған үндеуімен белгілі болды.

The New York Times мәліметінше, АҚШ-тың бұл шешімі Дональд Трамп әкімшілігінің президент Джо Байден бастамаларын шектеу саясатының жалғасы ретінде қарастырылуда.

АҚШ 2023 жылы құрылған Украинадағы агрессия қылмыстарын тергеу жөніндегі халықаралық орталыққа (МХАТУ) қосылған болатын. Бұл құрылым Ресей, Беларусь, Солтүстік Корея және Иран басшыларын жауапқа тартуға бағытталған.

АҚШ осы уақытқа дейін Еуропадан тыс жалғыз ел ретінде тергеу тобына қатысып, Гаагадағы АҚШ Әділет министрлігінің аға прокурорын жіберген болатын. Ол Украина, Балтық елдері және Румынияның тергеушілерімен бірге жұмыс істеген.

Алайда, Трамп әкімшілігі бұл топтан шығу себебін ресурстарды қайта бөлу қажеттілігімен түсіндіргенімен, нақты саяси себептер жарияланбады.

Ресми хабарлама дүйсенбі күні Еуропалық Одақтың қылмыстық әділет саласындағы ынтымақтастық агенттігіне (Евроюст) электронды түрде жолданбақ.

Бұл шешім АҚШ-тың Украинаға қатысты халықаралық саясатындағы өзгерістердің жаңа белгісі болуы мүмкін.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий