«Ақша табуға болар еді»: Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіден неге кетті?

09.12.2025 09:22 Айсұлу Мұрат
«Ақша табуға болар еді»: Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіден неге кетті?
0
41
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Жұлдызай Дүйсенбиева

«1001 түн» бағдарламасына қонақ болған актриса Жұлдызай Дүйсенбиева көрермендеріне алғысын білдіріп, өнер жолындағы ұстанымын ашық айтты.

Актрисаның айтуынша, ол соңғы уақытта әлеуметтік желідегі парақшаларын жауып, бар назарын сахнадағы өнеріне бұрған. Бұл шешім саналы түрде қабылданғанын жеткізді.

"Көрермендерім мені әлеуметтік желіден емес, сахнадан көргісі келетінін түсіндім. Сондықтан осы жолды таңдадым", – деді ол.

Жұлдызай Дүйсенбаева үшін басты құндылық – халықтың ықыласы мен қошеметі екенін атап өтті. Оның сөзінше, әлеуметтік желі арқылы қосымша табыс табуға мүмкіндік болғанымен, бұл оның негізгі мақсаты емес.

"Әлеуметтік желі арқылы ақша табуға болар еді. Бірақ мен үшін сахнадағы өнерім мен көрерменнің шынайы қолдауы әлдеқайда маңызды. Халықтың қошеметі – мен үшін ең үлкен байлық әрі мәртебе", – деді актриса.

Өнер иесінің бұл пікірі көпшілікке ой салып, шынайылық пен адалдыққа құрылған таңдауы ретінде бағаланды.

"Мықтысыз! Дүниенің түбіне жете алмайсыз. Басты байлық денсаулық", "Қанағат деген жақсы", "Қанағат қарын тойғызады", "Көріп қуанып отырмыз", "Керемет! Аман жүре беріңіз", "Жұлдызай сахнадан кетпегенін дұрыс, бірақ әлеуметтік желіде же сені қараймыз" деді желі оқырмандары

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий