"Ақша үшін бәрін жасайды": Айнұр Тұрсынбаеваның бар былығы ашылды
Танымал психолог Ирина Раззах журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваға қатысты сын-пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Психологтың айтуынша, Айнұр Тұрсынбаева халық сенімін пайдаланып, түрлі жарнамалар мен қаржы жинау мәселелерінде күмән тудыратын әрекеттерге барған.
«Халық оған қатты сенеді. Егер қазақты шын ойласа, неге адамдарды “чекап” деп Түркияға жібереді? Қазақстанда да ондай қызметтер бар ғой. Сол жарнамаларға сенген адамдардың көбі алданып қалған. Маған сонысы ұнамады. Ақша үшін кез келген дүниені жарнамалай беретінін дұрыс деп санамаймын», — деді Ирина Раззах.
Сондай-ақ ол бір баланың еміне қатысты қаржы жинау оқиғасын мысалға келтірді. Психологтың сөзінше, бұл іске өзі де сеніп араласқан.
«Бір балаға емге ақша жиналды. Біз халық болып қаражат жинадық, мен де эфирге шығып қолдау көрсеттім. Себебі Айнұрға сендім. Кейін баланы Дубайға апарып емдеткенін естідім. Бірақ баланың анасынан емге қатысты құжаттарды сұрағанымда, ешқандай ресми документ берілген жоқ. Жиналған қаржының қайда кеткені де белгісіз болып қалды», — деді ол.
Соңғы жаңалықтар