"Ақшаларыңды алып кетіңдер": Зейнетақы қоры қазақстандықтарға үндеу жасады

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шоттарда 37 миллиард теңгеден астам қаражат сұраусыз қалған. Қор өкілдері бұл қаражатты кімдер ала алатынын және ол үшін не істеу қажет екенін айтып берді.
БЖЗҚ-ның ақпаратына сәйкес, жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткен тұлғалардың талап етілмеген зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – шамамен 37,3 млрд теңге. Бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) сақталған. Оның ішінде БЖЗҚ-ның мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алған мәліметтеріне сәйкес:
- 148 335 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинақтарын мұрагерлер талап ете алады;
- 59 800 адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетті;
- 56 560 адам жасына байланысты зейнетақыларын ресімдеу үшін Мемлекеттік корпорацияға (тұрғылықты жері бойынша ХҚКО) әлі өтініш бермеген.
Соңғы жаңалықтар





