АҚШ-та 24 жастағы қазақстандық жоғалып кетті
АҚШ-та жоғалып кеткен қазақстандық Әсет Құралбайға қатысты Сыртқы істер министрлігі ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандық дипломаттар іздестіру жұмыстарына қатысып, жағдайды бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Министрлік мәліметінше, Әсет Құралбайдың Чикаго қаласында жоғалғаны туралы ақпарат белгілі. Қазір Қазақстанның АҚШ-тағы дипломатиялық өкілдіктері жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Сондай-ақ Нью-Йорктегі Қазақстанның Бас консулдығы жоғалған азаматтың туыстарымен тұрақты байланыс орнатқан.
Еске салайық, 24 жастағы Әсет Құралбай Чикаго маңында тұрған. Ол соңғы рет 2 маусым күні жақындарымен байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бері оның телефоны өшірулі. Үйінен жеке құжаттары мен банк карталары табылған.
10 маусым күні полиция оның Toyota Camry автокөлігін тапқан. Алайда қазақстандықтың нақты қайда екені әзірге белгісіз. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...