АҚШ-та қаза тапқан қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді

25.06.2026 17:29 Қарақат АСЫЛОВА
АҚШ-та қаза тапқан қазақстандықтың мәйіті елге жеткізілді
212
Фото: threads/bostonglobe2

АҚШ-та қаза тапқан Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың мәйіті 25 маусымда елге жеткізілді, деп хабарлайды Politico.kz.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетыбаевтың сөзіне қарағанда, Нью-Йорктегі Бас консулдық марқұмның денесін отанына қайтару үшін барлық қажетті консулдық-құқықтық көмекті көрсеткен.

"Бүгін аталған азаматтың мәйіті Қазақстанға жеткізілді, біздің Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз марқұмның денесін отанына репатриациялауға барлық қажетті консулдық-құқықтық қолдау мен жәрдемді көрсетті", — деді Ерлан Жетыбаев.

Чикаго маңында тұрған Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан, ал оның жоғалғаны 13–14 маусымда белгілі болып, туыстары мен полиция іздеуге кіріскен еді. Осыдан кейін 15 маусымда америкалық қызметтер жас жігіттің мәйітін тауып, 16 маусымда АҚШ-тың құзырлы органдары оның жеке басын ресми түрде растады.

Қазіргі уақытта отандасымыздың өліміне қатысты барлық мән-жайды америкалық тарап зерттеп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий