Ақтауда аялдамадан ер адамның мәйіті табылды
7 желтоқсан күні таңертең Ақтаудың 9-шағын ауданында аялдамада ес-түссіз жатқан ер адамды қала тұрғындарының бірі байқап қалған. Оның жанында жеке мобильді телефоны болған, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Lada.kz ақпаратынша, оқиғаның куәгері телефондағы алғашқы контакт нөміріне хабарласқан. Ол марқұмның немересінің нөмірі болып шыққан. Жақындары дереу оқиға орнына келіп, жедел жәрдем шақырған.
Дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізгенімен, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмаған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.
Қайтыс болған 64 жастағы азаматтың туыстары оның жүрек ауруы болғанын айтқан. Таңертең ол дәріханаға шыққан. Отбасының болжамынша, өлімге инсульт немесе жүрек талмасы себеп болуы мүмкін.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...