Ақтауда бес баланың әкесі суға батқандарды құтқарам деп көз жұмды

Ақтауда бес баланың әкесі ерлікпен көз жұмды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Ақтау маңындағы демалыс кезінде қайғылы жағдай тіркелді. 39 жастағы Ерлан Шонтабаев суға батып бара жатқан жастарға көмекке ұмтылып, өзі де ажал құшты. Ол екі қызды жағаға аман жеткізгенімен, жас жігітті құтқарамын дегенде толқын астында қалып қойған.
Куәгерлердің айтуынша, Ерлан достарымен бірге теңіз жағасында демалып жатқан. Жақын маңда болған топ екі қыз бен екі жігіт теңізге шомылып жүргенде, үшеуі қатты ағысқа түсіп, көмек сұрай бастаған. Ерлан еш ойланбастан суға секіріп, алғашқы екеуін алып шыққан. Алайда үшінші жас жігіт үрейге бой алдырып, Ерланның аяғынан ұстап қалған. Осы сәтте екеуін де теңіз жұтып қойған.
Ерлікпен қаза тапқан Ерланның артында жары мен бес баласы қалды. Кенжесі небәрі үш айлық. Құтқарушы азаматты Құрық ауылында ақтық сапарға шығарып салды. Жергілікті ТЖД басшылығы оның жанқиярлығын атап өтіп, отбасына алғыс хат табыстады.
Соңғы жаңалықтар





