Ақтауда өгей әкесі 16 жастағы қызға сұмдық әрекеттер жасады

Ақтауда өгей әкесі 16 жастағы қызға сұмдық әрекеттер жасады
13.06.2025 14:01
0
788
Фото: freepik.com

Ақтауда өгей әкесі 16 жастағы қызды соққыға жықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Оның миы шайқалып, бет-аузы көгерген. Полиция "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабы бойынша іс қозғады.

Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия өкілдері анасы мен қызы ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылық көріп келгенін анықтаған. Мамандардың айтуынша, күдікті әйелі мен өгей қызына күн көрсетпей, ұрып-соққан.

Полиция бұл жағдай бойынша "Денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабымен іс қозғап, тергеуді бастап кетті.

"Кәмелетке толмаған жасөспірім қыздың өгей әкесінен қорлық көріп, оны ұрып-соққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Көмек сұрады. Бүгін психологымыз барып қызбен сөйлесіп, оған моральдық, психологиялық қолдау көрсетті. Қыз баланың бойында әлі де қорқыныш, үрей бар", –дейді кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия мүшесі Светлана Әлібекова.

Оның айтуынша, қазір бұл іс бойынша комиссия мен полиция департаменті және облыстық прокуратура бірігіп жұмыс істеп жатыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий