Ақтауда Toyota Camry екі жаяу жүргіншіні қағып кетті: Әйел оқиға орнында көз жұмды

Ақтауда Toyota Camry екі жаяу жүргіншіні қағып кетті: Әйел оқиға орнында көз жұмды
Фото: Politico.kz

Ақтауда жол-көлік оқиғасы салдарынан 58 жастағы әйел қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға 6 қараша күні кешкі уақытта 29А шағын ауданында болған.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты шамамен сағат 21:30-да тіркелген. Алдын ала деректерге сәйкес, Toyota Camry автокөлігі Атамекен ауылына қарай бағыт алып бара жатқан.

Осы кезде көлік жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Соққы салдарынан 58 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 69 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған жол апаты туралы ақпарат бұған дейін әлеуметтік желілерде де тараған. Оқиға орнынан жарияланған кадрларда жол-көлік оқиғасының салдары көрінеді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Жол апатына қатысты өзге де мәліметтер тергеу нәтижесі бойынша белгілі болады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу