Ақтауда тұрғын үйде газ жарылып, бес адам зардап шекті (ВИДЕО)
Ақтауда "Азия" тұрғын үй кешенінде газ жарылып, бес адам зардап шекті,деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 28 қазанда болған.
Сервистік орталықтың жертөле үй-жайында газ-ауа қоспасы жарылған.
«Жарылыс толқыны жертөле бөлмелері мен бірінші қабаттағы пәтерлердің терезелеріне зақым келтірді. Ұзындығы шамамен 10 метр Іргелес құрылыс алаңының тас қоршауы жартылай қирады. Сонымен қатар бірнеше автомобильдер зақымдалды», - дейді құтқарушылар.
Оқиға салдарынан бес адам зардап шекті, олардың барлығы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Оқиға орнына Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамының 15 адамы мен 5 бірлік техникасы, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадасы дереу жіберілген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Зардап шеккен бес адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Екі науқас ауруханаға жатқызылды, үшеуі тексеруден кейін амбулаториялық емделуге жіберілді. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, дейді дәрігерлер.
Соңғы жаңалықтар