Ақтауда қоқыс контейнерінен MMA файтерінің мәйіті табылды
Ақтау қаласында аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыс контейнерінен табылды деп хабарлайды politico.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Нақты айтқанда, 20 қыркүйекте Ақтаудағы 3-шағын ауданда табылған файтер Вусал Жафаровтың денесі жараланып, толық ісінген, беті қарайған. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.
Ер адамның денесінің табылғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.Желі қолданушыларының мәлімдеуінше, ұрып-соғу белгілері бар Вусал Жафаровтың мәйіті бірнеше күн бойы көшеде жатқан. Айта кетсек, Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын 2015 жылы бастап, 4 жекпе-жектің біреуінде ғана жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
18.11.2026
12:28
Қазақстанның 2027–2029 жылдарға арналған бюджет...
18.11.2026
12:13
Ғалымдар семіздіктің ерлер мен әйелдерге неге ә...
18.11.2026
12:08
Қазақстанда біреудің суретін рұқсатсыз жариялағ...
18.11.2026
12:01
Атырау полициясының бұрынғы бастығының ісі сотқ...
18.11.2026
11:53
Алматыда алып тау шаңғысы курорты салынып жатыр...
18.11.2026
11:37
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары қамауға алынды