Ақтөбе әкімі қаза тапқандарды жерлеуге көмек көрсетуге уәде берді
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 13 қаңтарда орын алған қайғылы оқиғаға байланысты пікір білдіріп, қаза тапқандарды жерлеуге көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Құрметті жерлестер!
Облыс орталығындағы қылмыскердің түндегі әрекеті қоғамда жан-жақты талқылануда.
Бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтқым келеді. Құқықтық бағасын құзырлы органдар беретін болады.
Қазіргі уақытта зардап шеккен жәбірленушіге жан-жақты медициналық және психологиялық қолдау көрсетілуде.
Ал марқұм болған азаматтардың жерлеу рәсіміне қажетті көмектер ұйымдастырылады.
Осы ретте күдіктіні ұстауда кірпік ілмей, кәсібилік танытқан полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін.
Қауіпсіздік шаралары - бақылауымда, – деп жазды Асхат Шахаров өзінің Facebook парақшасында.
Әкім сондай-ақ полиция қызметкерлеріне күдіктіні ұстау кезінде көрсеткен кәсіби шеберліктері үшін алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, қылмыс 13 қаңтарда кешкі уақытта қаланың ескі бөлігінде болған. Заложник алған күдікті жеке үйге кіріп, оның тұрғындарын кепілге алған.